Жаңалықтар


«World cleanup Day» акциясы
Қаңтар 1, 1970
«World cleanup Day» акциясы
Қазақстанда 19 қыркүйекте «World cleanup Day» акциясы, яғни «Бүкіләлемдік тазалық күні» өтеді. Бұл тазалық акциясы әлемде 12 жылдан бері өтіп келеді. Өткен жылы 169 мемлекеттің еріктілері қатысып, өздері тұратын өңірдің көшелері мен саябақтарын, өзен-көлдері мен ормандарын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтан тазартуға атсалысты. Биыл «Бүкіләлемдік тазалық күні» жалғасын табады. Барша қазақстандықтарды жаһандық акцияға қатысып, еліміздің тазалығына үлес қосуға шақырамыз. #birge #tazaqazaqstan #жолдау
Түркістан облысында егін-терім науқаны сәтті аяқталды
Қаңтар 1, 1970
Түркістан облысында егін-терім науқаны сәтті аяқталды
Түркістан облысында егін-терім науқаны сәтті аяқталды. Бұл туралы «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық бөлімшесінің директоры Денис Коновалов БАҚ өкілдеріне арнаған пресс-тур барысында мәлімдеді. Бүгінгі таңда облыс бойынша 574 мың гектар суармалы алқап бар. Ал, «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық бөлімшесі оның 313 мың гектарын суармалы сумен қамтып отыр. «Биылғы вегитациялық кезең су тапшылығына байланысты күрделі болды. Бізге жылда келетін су мөлшері биыл шамамен 30% аз болды. Осыған орай экология министрі Мағзұм Мырзағалиев, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бірнеше мәрте көршілес Өзбекстан еліне барып, келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде трансшекаралық «Достық», «Ханым», «Ачинау» каналдарында суды әділетті бөлу туралы келісім жасалды. Айта кету керек, Өзбекстан қиын кезеңге қарамастан өз уәдесінде тұрып, суды келісім бойынша жіберіп отырды. Ал, біздің Түркістан облыстық бөлімшесі тәулік бойы жұмыс істеп, шаруаларды барынша сумен қамтыды». «Қазсушар» бөлімшесі бастығының айтуынша, негізінен тік дренажды ұңғымалары қазу, сорғы бекеттерін орнату және су бөгеттерін салу арқылы өңір шаруалары сумен қамтылған. Сондай-ақ, биыл өңірде күріш дақылының көп егілуіне байланысты (Жетісай және Отырар аудандарында 5 мың тонна) өзге дәнді дақылдарға су жетіспеушілігі байқалған. Тығырықтан шығу үшін бөлімше мамандары автоматты су бөгеттерін салып, аймақтағы барлық егін алқаптарын құрғақшылықтан аман алып қалған. Нәтижесінде мақта, күріш, көкөністер мен жемістер бітік шыққан. «Бүгінгі таңда өңірдегі суару науқаны 95% аяқталды. Нәтиже жаман емес. Қазір Сырдария өзенінің сағасы бойынша ағатын су мөлшері секундына 42 текше метрді құрайды. Ол Шардара су қоймасына жинақталуда. Демек, су жеткілікті деп айтуға толық негіз бар». Қазіргі таңда бөлімше суармалы жүйелерді қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Мәселен мұндай шаралардың бірі Түлкібас ауданында жүзеге асырылуда. «Қазір өңірдегі суару жүйелері шамамен 63% жұмыс істеп тұр. Сондықтан біз бірнеше бағдарлама бойынша жұмыс жүргізетін боламыз. Барлық каналдар жерді қазу арқылы тартылған. Ол біріншіден судың сіңіп кетуіне себеп болса, екіншіден құм құрамы да үгілгіш болып келеді. Сондықтан жылына 1-2 мәрте арналарды тазартып отырамыз. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен арналарды бетондаймыз»,- деді Д. Коновалов. «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық бөлімшесі директорының орынбасары Серік Пірімқұловтың сөзінше, өңірде 6 нысан қайта жаңғыртылуда. Түлкібас ауданында – 2 нысан жаңартылып жатыр. Оның шеңберінде аудандағы ауылдардың біріне баратын 5 бөгет және 13 магистральды канал қайта іске қосылмақ. Бұл жұмыстарға 300 техника жұмылдырылған. «Бұл каналға үлкен үміт артып отырмыз. Егін егуіміз үшін бізге бірінші кезекте су керек. Ауыл шаруашылығына қажетті жем-шөптің өсуі де осы суға байланысты. Ауылдықтар арнаның іске қосылатынын естіп қатты қуанып жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстарды да көзбен көріп отырмыз»,- деді Қарабұлақ ауылының тұрғыны Ержан Әбдіхалық ақсақал. Қосымша ақпарат: «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының теңгерімінде: 18 су қойма; 11 су бөгеті; 87 магистралдық каналы, 1792 шаруашылықаралық және ішкішаруашылықаралық каналдар; 3095,12 шақырымды құрайтын 408 қашыртқылар; 1143 тік дренажды ұңғымалар бар, оның ішінде жұмыс істеп тұрған тік дренажды ұңғымалар саны 345 дана.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы
Қаңтар 1, 1970
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 1 қыркүйек 2020 ж. http://www.akorda.kz/…/poslanie-glavy-gosudarstva-kasym-zho…
«Қазсушар» РМК «Бартоғай» су қоймасын құрғақшылықтан аман алып қалды
Қаңтар 1, 1970
«Қазсушар» РМК «Бартоғай» су қоймасын құрғақшылықтан аман алып қалды
«Қазсушар» РМК «Бартоғай» су қоймасын құрғақшылықтан аман алып қалды. Бұл туралы журналистерге арналған пресс-тур барысында «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының» директоры Серікқали Мұқатаев мәлімдеді. Оның айтуынша, биылғы егін-терім науқанында қуаңшылыққа байланысты бірқатар қиыншылықтар орын алған. Мәселен, сыйымдылығы 320 млн текше метр болатын Үлкен Алматы каналына келетін су әдеттегіден 212 млн текше метрге аз келген. Сондықтан, канал басшылығы шаруа қожалықтарына берілетін суармалы су көлемін нормаға сай кеміткен. Бұған дейін кей аймақтарда мөлшерден артық суармалы су алып келген учаскелердің су алу тәртібі реттеліп, берілетін су мөлшері секундына 100 текше метрден 80 текшеметрге дейін азайтылған. Мамандар әр шаруа қожалығының егістік алқап көлемін, егілетін егін түрін ескере отырып, берілетін судың нормасын шығарған. Осы шаралардың арқасында су қорын 13 млн текше метрден 28 млн текше метрге дейін ұлғайтып, Бартоғай су қоймасында құрғап кету қаупін сейілткен. «Шілде айында су одан сайын азая бастағаннан кейін, біз су айналымын енгіздік. Яғни, бес күн Шелек пен Бартоғайға су бердік, бес күн Үлкен Алматы каналына бердік. Біз осы кезеңде оларға толық қуатты су бердік. Осы судың арқасында олар бірінші суарылымын өткізді. Осылайша барлық еккен егіндері аман қалды. Ал 10 күндік су айналымын енгізу арқылы 13 млн текше метр суды 28 млн текше метрге дейін көтеріп, Бартоғай су қоймасына су жинап алдық. Осылайша су дағдарысынан аман есен-өттік. Бұл дер кезінде қабылданған шешім болды. Ол су айналымын енгізбегенде, Бартоғайда әлдеқашан су таусылып қалар еді»,- деді «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы Каналының» директоры Серікқали Мұқатаев. Сондай-ақ, бүкіл Орта Азия елдерінде орын алып отырған қуаңшылық пен су мұздықтарының аз еруіне байланысты шаруалардың егіс алқаптарын аман алып қалу үшін, егін алқаптарындағы көкөніс мөлшерін азайтып, құрғашылыққа төзімді, әрі суды аз тұтынатын ауылшаруашылық өнімдерін көптеп өсіру туралы ұсыныс жасалған. «Біз көктемде шаруаларға ұсыныс жасадық. Көктемде қандай көкөністер мен егін ексеңіздер дұрыс болады, ал қандай егін түрі шықпай қалуы ықтимал екенін айттық. Өйткені, вегитациялық кезеңнің басында «Қазгидромет» бізге ақпарат беріп, қуаңшылық болатынын айтты. 45 процентке су аз болатынын ескертті. Біздің бөлімше ақпан айында ауыл және аудан әкімдеріне хат жіберді. Су тапшы болатынын айтып, егінді соған сай егулерін сұрадық»,-деді Серікқали Мұқатаев. Өз кезегінде ауылшаруашылық өнімдерін өсірумен айналысатын шаруалар да «Қазсушар» РМК қарасты «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының» ұжымына алғысын білдірді. Мәселен, элиталық тұқымды соя мен жүгері өсіретін «Будан» шаруа қожалығының жетекшісі Ермек Өскенбаев қиын кезеңде сусыз қалдырмаған «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының» мамандарына алғысын айтты. «Биыл құрғақшылық болып отыр. Ол табиғаттың заңы. Бірақ біздің Үлкен Алматы каналы ұжымының жақсы еңбегінің арқасында біз жақсы нәтижеге жеттік. Біз жүгеріні арықпен суарамыз. Тамшылатып суару әдісін қолданбаймыз. Жүгерінің тамыры жан-жаққа жайылады. Сондықтан жүгері уақытында су ішпесе, өнім болмайды. Ал, ҮАК ұжымы уақытылы, қанша су керек, мысалы 500 литр секундына десең, сонша көлемде су беріп отыр. Олар шаруалардың сұранысы мен ыңғайына қарап, жұмыс істеп жатыр. Су каналдан шыққанша, арна мамандары жауап береді. Ал, оның аумағынан асқаннан кейін шаруалар өз арнасын тазартып отыру керек. Сонда ғана су дұрыс келеді»,- деді Ермек Өскенбаев. Ал 1982 жылдан бері Алматы іргесінде алма өсірумен айналысып келе жатқан «Сабир» қожалығының басшысы Исмаил Томазов болса, «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» мамандарының тәулік бойы кезекшілік атқарып, кестеге сай су беруінің арқасында қуаңшылықтан аман шықтық деп отыр. «1985 жылдан бастап, канал ашылғалы бері су алып келеміз. Канал келісімшарттағы өз міндетін толық орындап отыр. Біз де уақытында ақшасын төлеп отырмыз. Егер канал болмағанда біз күздік жемістерді ғана өсіретін едік. Қазір барлық мүмкіншілігіне сай жұмысын істеп, бізге жағдай жасап отыр. Сусыз өмір болмайды ғой. Табысымыздың 50-60 пайызы осы арнаның жұмысына байланысты»,- деді И.Томазов. Осылайша «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының» мамандары вегитациялық кезеңде «Бартоғай» су қоймасына 70 процент немесе 212 текше метрге суармалы судың аз келуіне қарамастан су қоймасын құрғақшылықтан аман алып шығып, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіретін шаруаларды егін-терім науқаны аяқталғанша, сумен қамтамасыз ете алатын деңгейге қол жеткізген. Қазіргі таңда осы атқарылған жұмыстардың арқасында «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналында 20 млн текше метр су бар. 11 тамыздан бастап суармалы су бұрынғы тәртіп бойынша сұралған мөлшерге сай беріліп отыр.
"Қазсушар" РМК Бас директоры А. Қасенов әріптестерін Конституция күнімен құттықтады
Қаңтар 1, 1970
"Қазсушар" РМК Бас директоры А. Қасенов әріптестерін Конституция күнімен құттықтады
Бүгін "Қазсушар" РМК Бас директоры А.Қасенов бейнеконференция байланысы арқылы әріптестерін Қазақстан Республикасы Конституцияның 25 жылдығымен құттықтады. Өзінің құттықтау сөзінде А. Қасенов Конституция - еліміздің басты ата- заңы екенін айтып, үстемдік пен әділдікті қамтамасыз ететініне тоқталды. Конституция әр азамат пен қоғамның, мемлекеттің құқығын қорғап, уақыт өткен сайын өміршеңдігін көрсетіп келеді. Салтанатты жиын барысында бірқатар өңірлік бөлімше қызметкерлеріне "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік төсбелгілері табысталып, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиевтің мақтау қағаздары берілді.
Алматы облысында суармалы кезең сәтті аяқталды
Қаңтар 1, 1970
Алматы облысында суармалы кезең сәтті аяқталды
Бұл туралы пресс-тур барысында, «Қазсушар» РМК Алматы филиалының директоры Смайыл Куметов мәлімдеді. Журналистер Жумыспен камту жол картасы бойынша иске асырылатын Көксу богетин реконструкциялау жүмыстарымен танысып, сол жерден суармалы су алатын шаруа қожалықтарының басшыларымен сұхбаттасты. Сондай-ақ, Ислам Даму Банкі желиси бойынша каржыландырылатын Ескелді ауданының суару желилерин реконструкциялау жұмысымен танысты. Бұдан бөлек, Қызылағаш су қоймасы құрылысының аяқталу жұмыс барысын бағамдап қайтты. Биыл Алматы облысындағы өзендерінде су деңгейінің төмен болуына байланысты «Қазсушар» РМК өңірдегі шаруа қожалықтарын суармалы сумен қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыстар жүргізген болатын. Атап өтсек, бірқатар гидробекеттер мен гидротехникалық курылымдар салынды. Су деңгейі тәулік бойы бақылауға алынды. Арнайы мамандардан құрылған комиссия су тапшылығы байқалған аймақтарға барып, суармалы судың тең бөлінуін қадағалады. Су деңгейінің төмен болуына байланысты «Қазсушар» РМК Алматы филиалының мамандары өңірдегі өзендер бойынша су берілу тәртібін әзірледі. Жергілікті шаруа қожалықтарының басшыларымен бірлесе отырып, су беру кестесін дайындады. Соңғы бір айдың ішінде өңірде су тапшылығы жойылып, жағдай тұрақталды деп айтуға болады» деді Смайыл Куметов. Күрделі кезеңде қалыптасқан Ақсу ауданындағы су тапшылығы мәселесін оңтайлы шешкені үшін «Алихан», "Квитко" және «Жаксылык» сынды жергілікті шаруа қожалықтарының басшылары да гидротехник мамандарына алғысын айтты. Тәулік бойы кезекшілік жасап, суармалы жерлерге су жеткізгені үшін ризашылығымызды білдіреміз деді шаруалар. Бүгінгі таңда облыс бойынша еки ауданда суару желілерін реконструкциялау жұмыстары жүрип жатыр. Олар Ақсу және Ескелді аудандары. Аталмыш елді мекендердегі суармалы жерлердің жалпы аумағы 15.8 мың гектарды құрайды.Осылайша бүгінгі таңда Ескелді ауданындағы механикалық тазарту жұмыстары 86% аяқталған. Ал, Ақсу ауданындағы реконструкциялау жұмыстары 2021 жылдың үшінші тоқсанында мәресіне жетеді деп жоспарлануда деді С.Қуметов. Айта кетейік, «Қазсушар» РМК Алматы облыстық бөлімшесі 7 аудан мен 2 қалаға су арналары арқылы суармалы су береді. Олар Алматы облысының Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Көксу, Панфилов, Үйғыр аудардары мен Қапшағай және Талдықорған қалалары. Бөлімше балансында 15 су алу торабы, 9 су қоймасы және 5.1мың шақырымдық су тарату желілері бар. Ол арқылы 8 ауданның шаруа қожалықтарына суармалы су жеткізіліп отыр. Биылғы жылдың алғашқы 7 айында «Қазсушар» РМК Алматы филиалы 7 мыңнан астам шаруа қожалығымен келісімшарт жасасқан. Қазіргі таңда көрсетілген қызмет шеңберінде 773 130,4 мың текше метр су таратылған. Ал межеленген жоспар 773 130,4 мың текше метр болатын. Осылайша жоспарды орындау көрсеткіші 100% құрап отыр.
Ардагерлеріміздің еңбегі зор
Қаңтар 1, 1970
Ардагерлеріміздің еңбегі зор
Cу шаруашылығы саласында 62 жыл үздіксіз еңбек сіңірген маман, саланың қалыптасуына маңдай терін төккен ардақты ардагер Нариман Қыпшақбайұлы Қыпшақбаев мен Су кодексінің жасақталуына зор еңбек сіңірген ардагер ардагері Әмірхан Қадырбекұлы Кеншімов Үкімет Қаулысымен бекітілген «Су шаруашылығының ардагері» медалімен марапатталды. Зейнетке шыққандарына қарамастан қажырлы еңбекті жалғастырып, жинаған білімдері мен тәжірибелерін жастарға үйретіп келе жатқан ардагерлеріміздің еңбегі зор. «Сіздердің қызметке деген адалдықтарыңыз бен өмірлік қағидаларыңыз біз үшін үлкен үлгі», - деп атап өтті құттықтау сөзінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.
«Қазсушар» РМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуде
Қаңтар 1, 1970
«Қазсушар» РМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуде
Кәсіпорын басшысы Арман Қасенов барлық филиалдар басшыларының қатысуымен өткен отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын атап өтті. Осындай бастамалардың бірі open space форматында кәсіпорынның барлық қызметтерімен бірге азаматтарды қабылдау және т. б. Сонымен қатар, "Қазсушар" жұмысының 100% ашықтығын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары әзірленуде. Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жөніндегі арнайы ереже бекітілді. Барлық құрылымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша тиісті мәдениет енгізілуде. Ұйымдағы ішкі аудит қызметі де қалпына келтірілетін болады. А. Касеновтың айтуынша, кәсіпорында су есептеу мен көлікті цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, Түркістан облысында суды есепке алу бойынша пилоттық жоба - К-19 каналын автоматтандыру іске қосылады. Бұл бірінші кешенді автоматтандырылған шаруашылықаралық канал. Онда су деңгейін сандық есепке алу және автоматты бақылау жүргізіледі. Бұл су берудің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін кәсіпорын ғарыштық түсірілімдер әдісімен егіс алқаптарының сандық картасын әзірлеуге ниетті. «Қазсушар» басшысы осы шаралардан басқа суармалы алқаптардың қаншалықты жүктелгендігін көрсететін, егіндік алқаптардың ғарыштан түсірілген тарихи түсірілімдерді қолдануды ұсынды. Бұл кәсіпорынның егін-терім науқаны бойынша жұмысын нақты құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәсіпорынның барлық филиалдарында техникалардың ұтымды пайдаланылуын қадағалау үшін оған GPS-трекерлерді орнату тапсырылды. Бұл бірінші кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді, деп атап өтті А.Қасенов. Сонымен қатар Арман Қасенов сыбайлас жемқорлықтың қаупі бар құрылыстармен кәсіпорынның пайдалануға берілген құрылыстарын назарда ұстау қажеттілігіне ерекше тоқталды. ГТҚ объектілерін пайдалану және салу барысының барлық қатысушыларына сенім телефондары ұсынылады. «Қазсушарда» осындай тәуекелдерді азайту жөніндегі бастамалардың жиынтық жоспары шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқа да шараларды қабылдауға ниетті. Кәсіпорын қызметкерлері ұйым басшылығына өз ұсыныстарын енгізе алады. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Managed by Immediate XRise